ЖАЛҚАУЛЫҚҚА немесе ЖІГЕРЛІЛІККЕ, КӨРСЕ ҚЫЗАРЛЫҚҚА немесе САБЫРЛЫЛЫҚҚА “кім” жауап береді?
Атақты Стэнфорд университетінің ғалымдарының көптеген жылдар бойып тәжрибелер жүргізіп дәлелдеуі бойынша мидың “ПРЕФРЕНТАЛЬНАЯ КОРА ” (Ерік жігерін шыңдаймын деген адам осы “Кісімен” жақсылап тұрып танысып алу керек) деген бөлшегі адам баласының мойын жар бере бермейтін “қиын шаруаларды” істеуге мәжбүрлеуге жауапты екен
Жексенбі күні төсекте мыжылып жата тұрайын дегенде осы “кісі” сізді төсектен тұрғызып алып Көкжайлауға айдайды, тамақтан кейін келген торттың бір екі бөлшегін көмекейге “жүйткітіп” жібергіңіз келіп тұрғанда тағы да осы “кісі” тоқтатып, орнына бір шыны қара шай мен кураганы жегізеді, ертең істей саламын ғой деп, телевизордың пультін ұстай бергенде, тағы да осы “кісі” компьютерді ашқызып, бітпей қалған файлды тапқызып бітіртіп тастауға шақырады да істетіп тастайды!
ПРЕФРОНТАЛЬНАЯ КОРА деген бір сұр кесек нәрсе емес. Ол да 3 бөліктен тұрады екен. Бір бөлігі “Мен қайтсем де істеймін” (Жексенбі күні таңертең ерте тұрып Көкжайлауға барамын, үй тапсырмасын орындаймын) дегенге жауап береді.
Екінші бөлігі “Мен осы нәрседен бас тартамын” ( темекі тартпаймын, казино ойнамаймын, ашуланбаймын), . (Көлік жүргізіп келе жатып сельфи жасай қояйын, Ватсапқа жауап бере қойайыншы) деген құмарлықты қамшымен бір тартып қуып жіберетін де осы Префронтальнаяның екінші бөлігі.
Ал үшінші бөлігі “Мен мына нәрсені қалаймын (Я хочу) дегенге жауап береді екен (шылымды алып тартып жібер, мына салқын сыраны жұтып жібер, ана майлы қуырдақтан біраз басып жібер”) деген желаниялардың бетін қайтаратын осы үшінші бөлік
Осының бәрі үшін сіз ол КІСІГЕ рахметіңізді айтып отыруыңыз керек..