ФИНЕС ГЕЙДЖГЕ НЕ БОЛДЫ?
Ерік жігер жайлы әңгіменің жалғасы
Префронтальная кораның адамның ерік жүгеріне әсері жайлы Финес Гейдж деген адамның өмірінде болған оқиға анық көрсетеді.
1848 жылы 24 жастағы Финес Гейдж деген азамат темір жол салып жатқан жерде бригадир болып жұмыс істеп жүреді. Қол астындағылар ол жігітті әділдігі мен адамгершілігі үшін қатты құрметтейді екен. Маңындағылар ол жігітті темірдей нервісі мен бұлшық еті бар еді деп айтады екен. 13 сентябрь күні cағ 4:30 да Гейдж жарылыс заттарын салып болған соң қопарылыс тым ерте болып кетеді де, ұзындығы бір метрге жүық темір арматура оны сол жақ бетінен кіріп, маңдайынан бірақ шығады да 30 метрдей жерге ұшып кетеді, өзімен бірге Гейдждің миының біраз бөлшегін де іле кетеді.
Бәрі Гейдж сол жерде жан тапсырда ау деп ойлайды. Бірақ сол жердегі адамдардың айтуынша ол есінен де танбаған екен. Жұмыскерлер оны қол арбаға жатқызып алып, 2 сағаттың ішінде дәрігергере жеткізеді. Дәрігер басынан ұшып кеткен бас сүйектерін орнына қойып, тігіп береді. Екі айдан соң Гейдж әбден жазылып, әуелі десең жұмысқа да шығып кетеді.
Бәрі “Бұл бір бақытты жағдай болды ау” деп қуанады. Бірақ Гейджге қуануға әлі ерте еді. Харлоу деген оны емдеген дәрігердің жазып бергені анықтамасы бойынша “ Гейджде “Адамгершілік қасиеттері мен жануарлық инстікті арасындағы баланс бұзылған. Ол жаман боқтық сөздер айтатын, сөзінде тұрмайтын, жалқау, адамдардмен дұрыс қатынас ұстай алмайтын, ешкімнің сөзін де ақылын тыңдамайтын, болашақта ойға келмейтін қиялға бататын, содан кейін одан бір сәтте айнып кететін” басқа адам болып шыға келгенін жазады.
Мәселе кейін анықталады, ана темір арматура миының префронтальная кора деген бөлшегін алып кеткен көрінеді. Сол префронтальная корамен бірге Гейдж өзін өзі бақылай алатын қасиеттен де айрылып қалған.
Міне префронтальная кораның адам өміріндеге орны мен қасиеті.
Енді сол “Префронталная кора”ны қалай тауып алып, оны қалай зерттеп, оны қалай жетілдіру, тәрбиелеу жайлы келесі постарда жазармын...