ЕРІК ЖІГЕРДІҢ БІРІНШІ ҚАҒИДАСЫ: САНАҢДЫ ЖЕТІЛДІР
Өз өзін қолында ұстай алу, өзін өзі бақылай алу - адам баласының басқа жан иелерінен артықшылығы болып табылады. Бізде оған қоса сана сезім деген қасиет те бар- өзіміздің не істеп, не қойып жатқанымызды бақылап және оны неге істеп жатқанымызды түсіне де аламыз..
Сана сезім болмаса, өзіңді өзің бақылай алу мүмкін болмас еді. Қандай шешім қабылдап жатқаныңызды өз өзіңізді сырттай бақылай алмасаңыз, миыңыз неғұрлым жеңіл жағын таңдап алар еді..
Темекіні тастайын деп тырысып жүрген адам туралы ойлап көріңіз. Ол адам егер де қазір осалдық танытса, ертең де тартып қоюы мүмкін екенін түсіну керек. Сәл ары қарай қарай алса, ол адам темекіні тастай алмаса, өзі естіп жүргендей түрлі аурулар жамап алатынын сезер еді. Жаман аурудан бас тарту үшін ол саналы түрде темекіден бас тарта алады. Сана сезімі болмаса ол мүмкін болмас еді.
Былай қарасаң бәрі оңай секілді. Бірақ көптеген шешімді біз ойланып жатпай “автопилотта” қабылдай саламыз. Шынын айтқанда біз көп жағдайда шешім қабылдап жатырмыз деп сезіне де алмаймыз .
Адамның басы қатып тұрғанда, олар болашақтағы мақсаттардан гөрі осы сәттегі қызық нәрсеге көбірек бой алдыратын көрінеді. Жұмысты ойлап тұрып сауда жасасаңыз керегі жоқ, қымбатырақ нәрсе қалай алып қойғыныңызды байқамай қаласыз. Алманың орнына пирожный таңдап алғаныңызды да сезбей қаласыз...
Өз өзіңізді бақылай алу үшін алдымен сана сезімді жетілдіру керек!
Ең тамаша қадам - ерік жігер талап етілетін шешімдерді байқап, тізіп отыру керек.
Жұмыстан кейін спортзалға барасыз ба? Жоқ сіз телефонмен сөйлесіп отырып қалдыңыз, содан кейін бірдеме жеп алдыңыз. ( Тойған қарынмен енді қалай спортзалға бара аласыз) . Күні бойы Қабылдаған шешімдеріңізді бақылап көріңіз. Сосын кешке еске түсіріп көріңіз: Қай шешімдер сізді мақсаттарыңызға сәйкес келді екен, ал қайсысы қарама қарсы болса да істедіңіз?
Бұл жаттығы сіз шешім қабылдап жатқанда назарыңызды содан басқа жаққа бұрмауға көмегін тигізеді, ол өзіңдіізді өзіңіз бақылау күшін жетілдіретін болады..
Қалғанын ертең жалғастырармын.. Шынында қызықты материалда әлі алда.. Өзім қолданып көріп жүрмін, ерік жігерді тәрбиелеуге болады екен..