Миды «спортзалға» жіберіп тұрыңыз!
(Уақытым жеткенше жалғастырып жатырмын)
Ғалымдар миға ток жіберіп, ашып, зерттей бастаған кездерде «Мидың құрылысы өзгермейді» деген теріс пікір қалыптастырып алған. Адам жасы ұлғайған сайын да миы шау тартып қартая бастайды деп шешкен. Бірақ кейінге оншақты жылда нейробиологтар, ми бір білімге құштар мектеп баласы сықылды екенін дәлелдеп берді.
Сіз миыңызға күнде бір математикадан есеп шешіп жаттық деп сұрасаңыз, ол математикадан мықты бола бастайды. Сіз одан күнде мазаланып, «нервничать ете бер» деп үйретсеңіз, ол «нервный» бола бастайды. «Назарыңды бір нәрсеге қадалып шешетін табанды бол» деп сұрасаңыз, ол «табанды да ыждахатты» бола бастайды.
Сіздің миыңыз тек қана сіз берген тапсырмаларды жасап үйрене бермейді, ол өзін сіздің талабыңыз бойынша өзгерте бастайды. Мидың бір бөлшектері тығыздалып, нығая бастайда, ол жерге «сұр заттар» жиналып көбейе бастайды – дәл бір спорт залға барғанда бұлшық ет жаттығулардан өсе бастаған әсері қайталанады бұл жерде де.
Мысалы футбол добын күнде теуіп жаттыққан футболистің заттардың қозғалысын бақылайтын бөлшегі дамып, сол жерге “сұр” заттар жиналып, шынығып, өсе бастайды. Ересек адамның өзі күнінен 25 минут еске сақтау қабілетін арттыратын жаттығу жасай бастаса, еске сақтау, жадыны жетілдіретін мидың бөлшегіндегі ми қатпарларындағы байланыс күшейіп, нығая бастайды.
Миды тек қозғалатын заттарды бақылап, не жадыны шынықтыру үшін ғана жетілдіріп қоймай, адамды өзін өзі бақылайтын, ерік жігерін күшейтетін функциясын да жетілдіруге болады.
Мидың ерік жігерді күшейтетін жаттығулар қандай болады?
Мысалы “ мен мына нәрселерді істемеймін, мынандай нәрселерден бас тартамын” деген жаттығуларды былай жасауға болады: Шоколад конфеттерді үйде, офисте барлық назарыңыз түсетін жерлерге қойып қойып қойып, содан нәр тартпай өзіңізді нәпсіңізді шынықтырып көруге болады.
Немесе “мен қайтсем де осыны істеймін” деген мидың бөлшегін шынықтыру үшінк күнде сәбізден жасалған сок ішіп, таңертең кешке 20 рет турникке тартылып, майлы тамақты көріп тұрып жемей қойып шынықтыруға да болады.
Бірақ ол өмірде көп адамдардың қолынан келмейді, өйткені ҚИЫН!
Оның оңай жолы бар! Ол МЕДИТАЦИЯ жасау. Нейробиологтар зерттеулер кезінде анықтағандай сіз миыңызға “медитация жасашы” деп өтініш жасаған кезде, ол тек медитация жасауды ғана жетілдіріп қана қоймайды, қосымша : Өзін өзі бақылау, назарды бір жерде ұзақ ұстай алу, жинақылық, стресс жағдаймен күресу, шектен шығып кетпеу, сананы жетілдіру сияқты машықтарды арттырады!
Медитация жасайтын адамдар осындай жақсы әдеттерін ғана жетілдіріп қоймайды. Біраз уақыттан соң ол адамдардың миы бір сықылдап істеп тұрған машина секілді жұмыс істей бастайды. Олардың ПРЕФРОНТАЛЬНАЯ КОРА бөлшегінде адамның өзін өзі бақылайтын, сана сезімін жетілдіретін бөлшегінде, сұр заттар (серое вещество) көбейіп, шынығып, өсе бастайды
Миды өзгерту үшін өмір өмір бақи медитация істеп қажеті жоқ. Ғалымдар медитацияға мүлде сенбейтін, тіпті оны мазақ қылатын біраз адамдарды жинап алып эксперимент жасаған. Көп жағдайда 3 cағат медитация жасаған кезден соң ақ жинақылық пен өзін өзі бақылай алатын қабілеті күшейіп кеткен. 11 сағат өткен соң ғалымдар мида қандай өзгерістер болып жатқанын тексерген. Медитацияны алғаш жасап көрген жандарда, назарын бір жерде ұстай алатын қабілеті (концентрация внимания) мен ашу ызаға жауапты мидың бөлшегіндегі жүйке байланыстары шыныға, нығай бастаған.
Тағы бір зерттеулерден соң күн сайын сегіз апта медитация жасаған адамдардың сана сезімі жақсы жетіліп кеткен. Ми керемет тез өзгеріп отыратын орган. Медитация кезінде префронтальная кораға оттегі көп барады. Жаттығу кезінде бұлшық еттерге қан қалай көбірек баратын болса, медитация кезінде префронтальная кораға оттегі де солай көп бара алады. Ми тура бұлшық ет секілді, жаттығуларға бейімделіп, өсіп жетіле бастайды, өзінен қандай нәрсе талап етсе соны жақсы орындай бастайды.
Егер өзіңізді жақсы әдеттеріңізді шынықтырғыңыз келсе миыңызды жаттықтырыңыз!