МИДЫ ТАЗАЛАУ және ШЫНЫҚТЫРУ
Санаторийге барып асқазанды, бауырды, тамырды, бүйректі тағы басқа ағзаларды тазалап жатамыз.. Спортзалға барып арқамыздың, білегіміздің, аяғымыздың бұлшық еттерін шынықтырып жатамыз.
Ал ең басты органды МИДЫ тазалайтын және шынықтыратын санаторий жоқ десе болады.
Жақында сондай бір санаторийге барып келдім. Дінге, сектаға ешқанай қатынасы жоқ, Мәскеуден, Қазақстаннан, Қырғызстаннан, Украинадан, Тәжікстаннан дегендей ел елден 70 студент жиналып 10 күн бойы Франциядан келген француз тренер оқытушының көмегімен миымызды тынықтырып, тазалап бақтық.
Мен өзім талай жылдан бері миды зерттейтін ғылыми институттардың ғалымдарының еңбектерін оқып жүруші едім. Көптеген ғұламалар ғасырлар бойы тәжрибесін жинап адамның санасын жетілдіріп және ерік жігерін күшейтетін әдістерді, амалдарды ойлап тауып, замандастарына, кейінгі ұрпаққа үйретіп келген.
Ал ғалымдар сол ғұламалардың мыңдаған жылғы тәржибелерін ғылыми түрде нақты дәлелдеп берді. Осы жолы бұрынғы заманғы ғұламалардың еңбегімен мен қазіргі заманауи ғылым жетістігінің арқасында дәлелденген фактілердің тоғысып жатқанына куә болдым.
Түйгенім:
Адам баласының түрлі жетістіктерге ( Жетістік деп түсінетініміз - Денінің сау болуы, адамдармен қарым қатынасының жақсы болуы, тұрмыс жағдайының бақуатты- бай болуы) жетуінің ең басты кепілі ЕРІК ЖІГЕРІНІҢ ( Сила воли) мықты болуына тікелей байланысты екен.
Ең бастысы Ерік жігерді шынықтыру арқылы ЖАЛҚАУЛЫҚТЫ, НӘПСІНІ жеңуге әбден болады екен.
Біраз тәжрибе жинап, қасымдағы адамдарға үйретіп, нәтижеге жеткен соң ерік жігер жетілдіру тренингтерін де жүргізетін жоспар бар.
Сол кезде кез келген адамға Бизнес Бастау да сондай қиын болмайтынына сенімім мол...